389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АӘК: мемлекеттік қолдауға 405 мың отбасы ие болған

  • 154
  • UPD: 23:30, 08.10.2019
АӘК: мемлекеттік қолдауға 405 мың отбасы ие болған

Елімізде табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің белсенді саясаты іске асырылды.

Үш түрлі арнайы мемлекеттік жәрдемақының орнына атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бөлінген қаржы көлемі – 204 млрд 500 млн теңге. Бүгінгі күнге дейін жұмсалған қаржы 144 млрд-тан асады. Мемлекеттік қолдауға 405 мың отбасы ие болған, оның 40% – көп балалы жанұялар. Олардың басым бөлігі – Түркістан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік көмекті күнкөріс деңгейі төмен және көп балалы отбасылар ғана ала алады.

Хабар 24 телеарнасы