389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana LRT көлік картасын пайдаланушылар үшін жеке кабинет қызметін іске қосты

  • 250
  • UPD: 16:04, 07.10.2019
Astana LRT көлік картасын пайдаланушылар үшін жеке кабинет қызметін іске қосты

Astana LRT көлік картасын пайдаланушылар үшін жеке кабинет қызметін іске қосты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін көлік картасын пайдаланушылар үшін жеке кабинет қызметін іске қостық. Онда көлік картаның теңгерімін толтырып, оны тексеріп, сапарларыңыз туралы ақпаратты ала аласыздар. Ол үшін Transcard мобильді қосымшасын орнатуыңыз қажет. Қосымшаға тіркелген соң, көлік картаңызды қосуыңыз керек. Жеке кабинетті қосымша мен сайтта пайдалануға болады», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ детализацияны сұрау берілген сәттен бастап соңғы 10 күндік сапарларды алуға болады. «Жақын арада жеке кабинетте жоғалған көлік картасын бұғаттау және теңгерімді/тарифті басқа картаға ауыстыру сияқты мүмкіндіктер пайда болады. Біз мобильді қосымшаны үнемі жақсартып, жаңартатын боламыз», - делінген компания ақпаратында.

Хабар 24 телеарнасы