389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жалған ақша жасайтын астыртын цех анықталды

  • 141
  • UPD: 18:08, 07.10.2019
Алматыда жалған ақша жасайтын астыртын цех анықталды

500 және 5 мың теңгелік банкноталарды қолдан жасаған үш адам бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрықталған күдіктілер арам пиғылдарын қаладағы пәтерде іске асырып келген. Цех жалған ақша жасауға қажетті құрал-саймандармен: принтер, бояуыш, қағаздар, көшірме заттарымен жабдықталған. Қитұрқы істері әшкере болғанын сезген олар банкноталардың көзін жоюға асыққан. Алайда, ол әрекеттерінен түк шықпады. Тергеу амалдары кезінде белгілі болғандай жалған ақшалар негізінен түнгі уақытта айналымға жұмсалған. Жалпы күдіктілерден 300 мың теңгеден артық жалған банкноталар табылды.

Жақсылық Мырзахан, қалалық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

- Аталған азаматтарға қазтысты ҚР ҚК 231-бабы яғни, құнды қағаздар мен жалған ақша жасау немесе оны нарыққа енгізу бойынша тергеу амалдары жүріп, қыркүйек айының аяғында қылмыстық іс аяқталып, іс сотқа жолданған болатын.

Хабар 24 телеарнасы