389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік шаруаларды субсидиялауға бөлінген қаражат жеткіліксіз

  • 110
  • UPD: 09:42, 09.10.2019
Ақтөбелік шаруаларды субсидиялауға бөлінген қаражат жеткіліксіз

Мал шаруашылығымен айналысатын ақтөбелік шаруаларды субсидиялау үшін биыл 5 млрд 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, қолдауға лайық қожалықтарға көмектесу үшін бұл қаражат жеткіліксіз. Себебі, жергілікті бюджеттен қарастырылған ақшаның жартысына жуығы өткен жылдың қарызын өтеуге жұмсалған. Ал, субсидия алуға мүмкіндігі бар асыл тұқымды мал өсіріп отырған және өнім өндіріп өткізуді тұрақты жолға қойған шаруашылықтардың саны артып келеді. Тек биылдың өзінде облысқа шетелдерден 16 мың бас ірі қара мен 30 мың қой әкелу жоспарланған. Сондықтан да мамандар қосымша 5,9 млрд қаржы қажет деп отыр. Бұл үшін тиісті министрліктерге өтінімдер жолданған. Ал, әзірге мыңнан астам шаруашылықтарға субсидия төленген.

Нұрлыбек Әлімбеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Республикадан 5,9 млрд қаражат сұрап отырмыз. Бірақ өтінімдер әлі мақұлданған жоқ. 3 млрд 200 млн электронды форматта өтінімдер түсіп отыр. Тағы да қаржы институттары арқылы мал импорттаймыз деп 2 млрд 700 млн-ға өтінімдер бар. Сонымен қосқан кезде 5 млрд 900 млн өтінімдеріміз бар игеретін. Егер қосымша қаражат бөлінген жағдайда.

Хабар 24 телеарнасы