384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында асыл тұқымды мал өсіруге 6,7 млрд теңге субсидия қарастырылды

  • 228
  • UPD: 09:51, 09.10.2019
Қостанай облысында асыл тұқымды мал өсіруге 6,7 млрд теңге субсидия қарастырылды

Субсидияның ауыл шаруашылығына серпін бергені анық.

Мысалы, қостанайлық фермерлер Үкіметтен ұсынған қаржыны өз кәсібін жандандыруға жұмсап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асыл тұқымды мал сатып алуға, оның өнімділігін арттыру үшін облысқа биыл 6,7 млрд теңге субсидия қарастырылды. Қайтарымсыз қаражат есебінен отандық және шет елдерден бес мыңдай ірі қара әкелінген. Бұл былтырға қарағанда екі есе көп. Ал өнімділігі төмен сиырларды асыл тұқымды бұқалармен будандастыру нәтижесінде үш мыңдай етті қара мал алынған. Аймақ бойынша 478 мыңдай ірі қара болса, соның 17%-і асыл тұқымды саналады. Жалпы облысқа бөлінген субсидиялар ет, сүт, құс жұмыртқасы өндірісінің ұлғаюына септігін тиігзген.

Тобылбай Қазиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Тауар өндіруші 350 мыңға бір бұқаны сатып алса, оның 150 мыңын Үкімет қайтарып береді. Ол қайтарымсыз. Ол бір. Екінші – сол бұқаны екі жылдай ұстайды да, өзінің табынында шағыстырады өзінің малымен. Одан алынған тұқым оның сапасы бір табан болса да өседі.

Хабар 24 телеарнасы