389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі автобустардан көптеген олқылық табылды

  • 83
  • UPD: 12:01, 11.10.2019
Ақтөбедегі автобустардан көптеген олқылық табылды

Ақтөбелік автобус жүргізушілері тиісті заң талаптарын 300 рет бұзған. Бұл төрт күн ішінде анықталған кемшілік. Қазан айының басында облыс көлемінде жедел алдын алу шарасын жүргізген полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерді басты назарға алған.

Әсіресе жол ережесін сақтауы, жолаушылар тасымалдаудағы қауіпсіздік талаптары және техникалық жағдайы жіті тексерілген. Нәтижесінде жүздеген олқылықтар анықталып айыппұлдар салынды. Ал, оқушылар мінген автобустың жол-көлік апатына ұшыруына байланысты қазір қылмыстық іс қозғалған. Бұл оқиға 5 қазанда орын алып, нәтижесінде 15 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген еді. «Автобус» жедел алдын-алу шарасы бүгінде республика аумағында жүріп жатыр.

Айдос Құлжанов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы:

- Қазіргі таңда қазан айының 10 мен 17 аралығында республикалық маңызы бар «Автоюус» атты профилактикалық шара жүргізілуде. Бұл шара барысында, автокөліктердің, автобустардың техникалық жағдайлары тексерілетін болады. Сонымен қатар қайта жабдықталуы және де жолаушылар тасымалдаумен айналысатын арнайы құжаттарының болуы тексеріледі.

Хабар 24 телеарнасы