389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Моңғолия астанасынан Алматыға әуе рейсі ашылады

  • 83
  • UPD: 15:28, 11.10.2019

Моңғолия астанасы Ұлан Батырдан Алматыға тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл туралы қос елдің Үкімет басшылары қатысқан бизнес форумда Моңғолия премьер-министрі Ухнаагиин Хурэлсух мәлімдеді.

Айтуынша, жақын арада Моңғолия халықаралық әуежайы іске қосылады. Сондықтан жаңа әуе рейстері екі ел арасындағы сауда байланысты нығайтып, туризмді дамытуға сеп болады. Сондай-ақ, жиын барысында бірнеше меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес Қазақстан мен Моңғолия тау-кен, көлік-логистика, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды іске асырады. Айта кетейік, былтыр Қазақстан мен Моңғолияның тауар айналымы 80 миллион долларды құрады. Оның 75 миллион доллары Қазақстанның инвестициялары.

Асқар Мамин,  ҚР Премьер-министрі:

- Біздің Үкіметтеріміз арасындағы ортақ міндет ауылшарушалығы тауарларын өндірушілердің өнімдерін сыртқы нарыққа шығуға қолдау көрсету. Осы ретте екі мемлекет арасында тиімді көлік логистикасын құру аса маңызды міндет болып табылады. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз.

Ухнаагиин Хурэлсух,  Моңғолия премьер-министрі:

- Моңғолия экономикасы қарқынды дамып келеді. Дегенмен, ол тау-кен өндірісіне әлі де тәуелді. Сондықтан біз экономиканың өзге де салаларын стратегиялық деңгейде қолдап, инвестицияларға қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Қазақстан-Моңғолия арасында сауда-экономикалық қатынастардың ауқымын кеңейтуге зор мүмкіндіктер бар деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы