389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық мемлекеттік қызметкерлер билік пен бұқара арасындағы байланысты талқыға салды

  • 108
  • UPD: 19:38, 11.10.2019
Қостанайлық мемлекеттік қызметкерлер билік пен бұқара арасындағы байланысты талқыға салды

Қостанайлық мемлекеттік қызметшілер Президент жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын» тұжырымдаманы жүзеге асыруға мүдделі.

Олар «Сындарлы диалог – қазақстандық қоғамның эволюциялық жолының негізі» атты семинарда әлеуметтік желілер арқылы бұқарамен берік байланысты болудың қыр-сырына қанықты. Қазір интернет кеңістігінде жергілікті мемлекеттік органдардың 144 аккаунты бар. Алайда кейбіреулері тиімді дәрежеде жұмыс істемейді. Халықтан келіп түсетін өтініш-тілектер уақытылы қаралмайды. Сол себепті қандай да бір қордаланған әлеуметтік, экономикалық, рухани мәселелер билік басындағылардың назарынан тыс қалмауы қажет, дейді семинарға келген сарапшылар.

Ерлан Сайыров, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Ең бірінші өздеріңізге белгілі, Қазақстанда балалардың суициді белең алған. Сонымен бірге балаларға зорлық-зомбылық жасау мәселесі бар. Енді еңбек қатынастарына келетін болсақ, Қазақстанда жылына бір жарым мың адам жарақат алады. Оның 200-ден астамы қайтыс болады. Міне, осы мәселелердің барлығы халықты толғандырады.

Хабар 24 телеарнасы