388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электронды денсаулық паспорты іске қосылды

  • 231
  • UPD: 13:15, 15.10.2019
Электронды денсаулық паспорты іске қосылды inbusines

Елімізде медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық жүйеге көшіру аясында электрондық денсаулық паспорты енгізілді.

«Электронды денсаулық паспорты бар пациент жайлы ақпараттар медицина қызметкерлеріне де, емделушінің өзіне де қолжетімді болады», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, бұл жоба тек цифрландыруды емес, орталықтандыру арқылы мәліметтерді сақтауға, емделуші туралы деректердің дәрігерлерге қолжетімді болуын көздейді.

«Осыған дейін емделушіден барлық мәлеметтерді сұрау үшін дәрігерлер 20 минуттай уақытты жұмсаған болса, электронды денсаулық паспорты арқылы енді тек қана жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы барлық деректер мен мәліметтерді оңай біле алады», - деді Олжас Әбішев.

Электронды денсаулық паспортында емделушіге қызмет көрсететін және тіркелеген медициналық ұйым, учаскелік дәрігердің аты-жөні, жазылған рецептілер, препараттың атауы, рецепт жазып берілген күн, рецент берген дәріхана, стационарларда емдеуге жатқызу туралы, диагноз, хаттама нөмірі, науқастың коды және атауы, ауруы бойынша диспансерлік есепке қойылған күні туралы ақпараттар көрсетіледі.

Бұл қызмет қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы және ЭЦП көмегінсіз iOS, Android жүйелері үшін мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді.

Хабар 24 телеарнасы