419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі бірінші санатты ірі кәсіпорындар жаңа технологияға көшуі тиіс

  • 887
  • UPD: 17:59, 16.10.2019

Осыған байланысты оларға белгілі бір мерзім аралығы беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер зауыттар жаңа технологияға көшетін болса, онда толығымен эмиссиялық төлемнен босатылады.

Артынша үнемделген қаржысын тың технологияны енгізуге жұмсайтын болады. Ал кері жағдайда төленетін эмиссиялары тек өсе береді. Мәселен, 2025 жылы екі есе, одан кейін 4 және 8 есе ұлғая бермек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Мәжілістің пленарлық отырысында осылай деді.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Жалпы депутат Бижанов көтерген мәселе дұрыс. Оны біз айтылған ұсынысты қарастырамыз. Онда тұрған мәселе қандай? Егер құжатты қарасаңыз, «загрязнитель» мен «выбросы» деген ұғым бар. Ал біздің Экологиялық кодексінде «выброс» пен «взброс» ұғымдары айрықша. Сондықтан бір ұғымға келеміз.

Сондай-ақ жалпы отырыста Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев отандық шикізаттық емес секторға бағытталатын қаражат көлемінің жеткіліксіз екенін айтты. Осыған байланысты ол салалық жол картасына сәйкес, Энергетика министрлігі жанынан Қазақстанның өнеркәсібін дамыту қорын құру идеясының маңыздылығына тоқталды.

Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өнеркәсіпті дамыту қоры бүгінде Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Сауд Арабиясы, Жапония және Германия елдерінде бар. Қазақстанда отандық саланы мемлекеттік деңгейде дамытудың негізгі ұлттық институтына «Байтерек» акционерлік қоғамын жатқызамыз. Алайда, оның қазіргі қызметінің тиімділігін әлде де арттыру керек. «Байтерек» холдингінің есебі бойынша 2017 жылы несиелік портфель көлемінің 78%-і немесе 2,2 трлн теңге мұнай-газ секторының үлесіне тиесілі. Оның ішінде өндеу саласына небәрі 6,6% немесе 147,2 млрд теңге жұмсалады. Бұл тым аз.

Хабар 24 телеарнасы