376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жол» бағдарламасы жалғасады

  • 490
  • UPD: 16:06, 23.10.2019

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналған жаңа кезеңін жүзеге асыруға 6 жарым триллион теңгеден астам қаржы қарастырылады,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Автожол инфрақұрылымын дамыту аясында республикалық желінің 10 мың шақырымы қайта жаңартылады.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда көлік саласын дамытуға 3,7 трлн-нан астам теңге бағытталды. Бағдарлама аясында 3 мың шақырым республикалық маңыздағы автожол салынды. Сондай-ақ мың жарымға жуық шақырым жаңа темір жол пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Берік Қамалиев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

– Бұл бағдарлама Елбасымыз Н.Назарбаевтың жекелей тапсырмасы бойынша бізге тапсырылған болатын. Қазіргі уақытта бағдарлама өзінің жұмысын аяқтап, 2020-2025 жылдар бойынша жаңа бағдарламаға кірісейік деп жатырмыз. Соңғы 5 жылда көлік-инфрақұрылымының дамуына 5 трлн 800 млрд инестиция тартылды. Оның ішіндегі 56 поценті 3 трлн 274 млрд теңге мемлекеттік-жекеменшік әріптестігіне қоса алғандағы секторына келеді. Біз көптеген көрсеткішті жақсарттық.

Хабар 24 телеарнасы