386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда Жаңа жыл мерекесінде 15 метрлік үш шырша жағылады

  • 153
  • UPD: 14:37, 14.11.2019
Ақтауда Жаңа жыл мерекесінде 15 метрлік үш шырша жағылады

Биыл Жаңа жылда Ақтауда үш бірдей шырша жағылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

15 миллион теңге тұратын 15 метрлік су жаңа шыршаны Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының алдына орнатады. Ал, былтырдан қалған екі жасанды шырша «Астана» алаңы мен теңіз жағалауындағы Амфитеатрға қойылады. Биылғы жаңа жылда қала түні ерекше жарықтанып, түрлі-түсті бояулармен көмкерілмек. Былтыр жаңажылдық безендіру безендіру жұмыстарына қазынадан бір тиын да қарастырылмаған еді. Барлық жұмыс демеушілер қаржысына жасалған болатын. Ал, биыл жергілікті бюджеттен 37 миллион теңге бөлінді.

Қайрат Ақыбаев, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Бұл жұмыстардың ішінде қаланың орталық жолдарын безендіру, ағаштарды безендіру, сосын шыршалар безендіріледі, сонымен қатар жаңажылдық шыршаларды сатып аламыз.

Хабар 24 телеарнасы