424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны дүниеге келді

  • 442
  • UPD: 12:13, 07.12.2019
Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны дүниеге келді

Нәрестенің ата-анасын қала әкімдігінің өкілдері  құттықтап, сыйлық табыс етті.

Әлнұр есімді ер баланы анасы өткен түнде туыпты. Бұл қарапайым отбасындағы төртінші бала дейді перзентхана қызметкерлері. Өткен он айда мұнда алты мыңнан аса сәбие дүниеге келген. Арасында бір үшем де болыпты. Жалпы қала бойынша биыл бала тууы көрсеткіші 3 процентке артқан. Ал шаһардың 500 мыңыншы тұрғыны атанған бала мен оның анасы таяу уақытта перзентханадан шығады. 

Эльвира Досқали, қала тұрғыны:

- 6 оқитын ұлым бар, 4 оқитын ұлым бар сосын 2 жастағы ұлым бар. мынай төртіншісі. Төртеуі де ер бала. Қуаныштымыз, ұрпақтар көбейе берсін қазақтың. Аты Алинур. Жағдайы жақсы.

Хабар 24 телеарнасы