376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының 249 жас тұрғыны баспаналы болды

  • 181
  • UPD: 22:14, 14.12.2019

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында оларға жаңа пәтер кілттерін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев табыстады.

Бұл баспана жастарға Елбасының тапсырмасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға беру бағдарламы аясында беріліп отыр. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Осының негізінде Алматыда «Алматы жастары» бағдарламасы жүзеге асқан болатын. Оған сәйкес 29 жасқа толмаған,  Алматы қаласында тіркелегніне кемінде екі жыл болған, бірақ баспанасы жоқ, ай сайынғы табысы 101 мың теңгеден кем болмайтын жастар бүгін салтанатты түрде жаңа пәтер кілттерін алды. Білім беру, денсаулық сақтау, өрт сөндіру және құқық қорғау  органдарында жұмыс жасайтын жастар, бүгінгі баспаналарын 5 жылға дейін жалға алып отыр. Ал олардың ай сайынғы жалдау ақысы мысалы 1 бөлмелі пәтер үшін 4380 теңгені құрайды. Жыл соңына дейін тағы 801 отбасы жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, деді қала басшысы Бақытжан Сағынтаев. 

Айжаным Нұрсұлтанқызы, қала тұрғыны:

- Қазір мысалы, біз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Оған 70-80 мың төлеген ақшамызға біз сол ақшаны өзіміздің болашақ үйімізге құйып, ақша жинауымызға болады. Осы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жасым 24-те болса да осындай баспаналы болып жатқаныма өте қуаныштымын. Кішкене толқып тұрмын. Әрине осылай мемлекеттің біздерге жастарға мүмкіндік бергеніне, жастарды қолдағанына шексіз алғыс білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы