443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәуелсіздік құрбандарына тағзым

  • 387
  • UPD: 13:15, 17.12.2019

Егемендігіміздің 28 жылдығы ел ішінде де кең құлашпен аталып өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне мыңдаған адам жиналып, гүл қойды. Салтанатты іс-шараға қала басшылығы, ардагерлер кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ауған соғысының ардагерлері мен Алматыдағы әскери гарнизонның сарбаздары қатысты. Бұл монумент 1996 жылы егемендіктің 5 жылдығына орай ашылған. Авторлық топқа белгілі сәулетші Шот-Аман Уәлиханов жетекшілік еткен еді. Қазір ескерткіш алматылықтар үшін ғана емес, тұтас қазақ елі үшін тәуелсіздіктің символына айналған. Салтанатты жиынның соңы флешмобқа ұласты. Жиналған халық әнші Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» әнін бірнеше қайтара орындады.

Әли Дауылбек, «Абырой» ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы:

– Ғасырлар бойы біздің ата-бабаларымыз тәуелсіздік алуды армандаған болатын. Ержүрек батырларымыз, хандарымыз тәуелсіздік алу жолында құрбан болды. Барлық қазақстандықтарды қасиетті Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Бейбіт өмір, ашық аспан тілеймін.

Смағұл Елубай, жазушы:

- 1991 жылы дәл осы күні қазақ тарихының жаңа парағы ашылды және сол парақты қазақ деген халық өз қолымен жазды. Дәл осы күнге қалай жеттік десек, темір етігіміз теңгедей болып, темір таяғымыз тебендей болып, әрең жеткен едік.

Хабар 24 телеарнасы