425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда 900 орындық жаңа білім ордасы ашылды

  • 792
  • UPD: 20:38, 31.12.2019
Түркістанда 900 орындық жаңа білім ордасы ашылды

Жаңа жыл қарсаңында Түркістан қаласында 900 орындық жаңа білім ордасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ахмет Байтұрсынов атындағы №1орта мектеп руһани шаһардағы Отырар мөлтек ауданында ашылды. Үш қабатты нысан көгілдір отынмен жылытылады. Орталықтандырылған су және кәріз жүйелеріне қосылған. Жалпы аумағы 12 мың шаршы метрлік жаңа мектепте заманауи пәндік кабинеттер, мәжіліс және спорт залдары, асхана, медициналық бөлмесі бар. Білім ордасының тағы бір ерекшелігі - сынып бөлмелері де жаңа үлгіде жабдықталған. Мұндағы оқушылар 2 ауысымда білім алады. Байтұрсынов атындағы ескі оқу ордасының 70-ке жуық мұғалімі мен 500 оқушысы осы жаңа мектепке барды.

Айта кетейік, Түркістан облысында 905 мектеп бар. Онда 481 мыңнан астам оқушы білім алады. Барлығы 60 мыңға жуық мұғалім болса, соның 18 проценті – жас маман.

Ақмарал Батырбекова, қалалық білім бөлімінің басшысы:

– Түркістан қаласында жалпы 32 мектеп бар. Оның ішінде жалпы 31-і жалпы орта мектебі. Қазір мына ашылып жатқан мектебіміз 900 орындық. 2018 жылдан бастап құрылысы басталған болатын. Қазір мектеп бітіп толығымен беріліп отыр. Бірінші осы мөлтек аудан балалары қамтылады.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

– Баршаңызды құттықтаймыз. Жаңа жыл қарсаңында әдейі ашып жатырмыз. 9 қаңтардан бастап, жұмыс істей бастайды. Бұл мектеп осы мөлтек ауданға, Түркістан қаласына аса қажет. Бұл жерде қазіргі жаңалықтың бәрі ескерілген. Физика, химия, спорт, музыка жағы қаралған. Өскелең ұрпаққа тек қана жақсы оқып, білім алу емес, қоғамның патриоты, қоғамның мықты тұлғасы болуға барлық жағдай жасалған.

Хабар 24 телеарнасы