418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл МӘМС қорына 1 трлн теңге бөлінеді

  • 795
  • UPD: 14:49, 06.01.2020
Биыл МӘМС қорына 1 трлн теңге бөлінеді

Биыл міндетті әлеуметтік медициналық қоры жұмысын жүзеге асыру үшін бюджеттен 1,6 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлады Елорда Инфо.

«Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары. Үкімет міндеттеген тапсырмаға сәйкес, біз МӘМС арқылы медициналық қызметтің қолжетімді болуын қамтамасыз етуіміз қажет», – деді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, қор басшысы МӘМС пакетіне кепілдендірілген медициналық көмектен басқа да қызметтердің енетінін айтып өтті. «МӘМС пакетіне мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек пакетінен басқа медициналық қызметтің – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарлық ем алу сияқты кең көлемді қызмет түрлері кіреді. Бұдан басқа, сақтандырылған азаматтар үшін түрлі оталар, олардың ішінде қымбат тұратын оталар да қолжетімді болмақ. Бүгінде ондай оталар түрлі себеппен қолжетімсіз – мемлекет есебінен кезек көп, ал өз есебінен төлеуге қаржы жоқ. Осы орайда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің пайдасы – бәсекелестік есебінен медициналық қызмет сапасы артатын болады. Науқастар көп келетін білікті дәрігерлерді тарту арқылы пациенттерге ең жақсы қызмет көрсететін клиникаларға қаражат та көп бөлінеді», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы