377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада алаяқ әйел балаларды алдап, үй тонаған

  • 116
Елордада алаяқ әйел балаларды алдап, үй тонаған

Павлодар облысының тұрғыны Нұр-Сұлтанда балаларды алдап, пәтер тонаумен айналысқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

50 жастағы әйелдің баласы бар пәтерлерді арнайы іздегені айтылады. Сосын ол есігін қағып, ата-анасының досы екенін айтып, сенімге кіру арқылы құнды заттарды ұрлаған.
8 қаңтарда Нұр-Сұлтан қалалық департаменті қызметкерлері соттылығы бар күдіктіні ұстады. Әйел осыған ұқсас ұрлық қылмысымен бірнеше рет ұсталған. «Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Полицейлер күдіктінің әрекетінен зардап шеккен тұрғындарға 8 (7172) 71-60-28, 71-60-69, 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы