377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәтерге тұрақты тіркеуде неге тәртіп жоқ

  • 88
  • UPD: 11:00, 14.01.2020

Азаматтарды пәтерге тұрақты тіркеуде ортақ жүйе жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлгі күнге дейін үй иелері баспаналарына ондаған адамды тіркеп келеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіпті «сізге көмектесемін» деген делдадар өріп жүр. Ақысын берсең, бас қаланың кез келген ауданына тұра аласың. Бұл қаншалықты заңды?

Бірнеше жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселені тағы бір көтеруді жөн санадық. Халыққа қызмет көрсету орталығында арнайы барып көрдік. Мән-жайымызды сұрап, делдалдың өзі келді. Қызметін ұсынды, қомақты қаржы талап

Қызмет бағасын анықтаған соң, телеарнадан келгенімізді айттық. Одан әрі сұрақ қойып жауап алуға тырыстық. Үй иесі ашуға беріліп, қолын бір-ақ сілтеді.

Мемлекеттік мекеме мұндай қызметке шектеу қоя алмаймыз. Біздің құзіретте емес деп ат тонын ала қашты. Сарыарқа ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының айтуынша, оларды жауапқа тарту басқа ведомостваның құзырында.

Бауыржан Бектұрсынов, Сарыарқа аудандық ХҚКО басшысы:

– Әрбір азамат ЭЦҚ кілті, жеке үйі болса кез келген адамды тіркей алады. Біз оған жауап бермейміз. Бұған ішкі істер министрлігі жауапты.

Адамдарды пәтерге тұрақты тіркеуге отырғызу бизнес көзіне айналғаны сөзсіз. Заңсыз пайда көзіне тек көші қон полициясы шектеу қоя алады екен. Алайда ол мекеме бізге сұхбат беруден бас тартты.

Осылайша пәтерге тіркеуде ортақ жүйенің жоқтығын көрдік. Құзырлы органдар қанша тексерсе де, мәселе толық шешімін таппай келеді.

Хабар 24 телеарнасы