376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дүкендегі тәжірибе: 5000 теңге неге жетеді

  • 207
  • UPD: 11:02, 14.01.2020

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен үй шаруашылығына қажетті тұрмыстық химияны сатып алу үшін 5 мың теңге жеткілікті ме?

Елордалықтар азық-түліктің қай түріне басымдық береді? Көкөніс пен жеміс-жидекті жиі тұтына ма? Жаңа жылдағы жаңа баға көңіл көншіте ме?

БЛИЦ:

– Жетпейді, қазір 5 мың теңге ақша емес қой.

– Барлығын болмаса да, 1/3 бөлігін алуға жететін шығар. Дүкенге бір кіргенде жоқ болады.

– 5 мың тек тамаққа жетеді. Қазір 1 келі картоп аласың. 1,5 келі ет аласың 3,5 мыңға.

– Қаншалықты тиімді жарата аласыз 5 мың теңгені? Бұл сұраққа жауап беруге қиналамын. Себебі, қазіргі таңда 5 теңгенің өзі көп нәрсеге жете бермейді. Магазинге барсаң сен 5 мың теңгеге үйіңе қажетті барлық тауарларды ала аласың деп ойламаймын.

– 80-90 мың айлық алатындарға жетпейді. Бұл жерде ет туралы айту артық әңгіме.

Мирлан Алтынбек, тілші:

– Елімізде азық-түлік бағасы қаншалықты қолжетімді? Қазір мен осыны тексеру үшін елордадағы дүкендердің бірінде тұрмын. Және 5 мың теңгені ең керек деген, ең әлеуметтік маңызы бар деген тауарларға жаратып көремін. Ең бірінші ас атасы – наннан бастайық. Жергілікті наубайханада піскен нан бағасы 90 теңге, құмшекер бағасы 250, одан кейін күріш бағасы 350 теңге. Сүт бағасы 345-365 теңге. Арзандары да бар – 270 теңге. Су бағасы 390, шамамен 400 теңге деп алайық. Картоп келісі 120, пияз келісі 150, мандарин келісі 800 теңге, алма бағасы 500 және қияр келісі 1200 теңге.

Сонымен, жалпы есептей келе шамамен 4 мың теңгеге шықты. Бұл – шай мен тәттіні, шұжық пен ірімшікті есептемегендегі баға. Кезекті үй тұрмысына қажетті химиялық тауарларға берейік.

Бірінші кезекте кір жууға арналған ұнтақтан бастасақ. Мұнда ұнтақ бағасы 520 теңге, әжетхана қағазы 650 теңге, кірсабын бағасы 100 теңге және де сусабын бағасы 700 теңге. Қазір де осыны бұдан бұрын алған азық-түлік бағасына қосып, толық есептеп шығарайық.

1970 теңге. Оған жоғарыдағы 4 мыңды қоссақ, барлығы шамамен 6 мың теңгені құрайды. Ал егер көкөніс пен жеміс-жидекті алып тастасақ, 3200 теңгеден сәл асады. Супермаркеттер мен гипермаркеттерде көтерме бағамен сатып алған бәлкім арзанға шығар. Бірақ бас шаһардағы дүкендер мен минимаркеттердегі тауар құны осындай.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Нұрғали Мамурбаев

Хабар 24 телеарнасы