399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қатысты жедел штаб құрылды

  • 747
  • UPD: 15:16, 28.01.2020
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қатысты жедел штаб құрылды

Қытайдан ұшып келген тағы бір қыз елордалық мамандардың күдігін туғызып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

2003 жылы дүниеге келген жерлесіміздің дене қызуы жоғары болған. «Клиникалық белгілері жоқ. Оны толық тексереміз», – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова. Көрші елде короновирустың ушығуына байланысты қазір қатаң алдын-алу шаралары қолға алынған. Оның ішінде жедел штаб пен жұмыс тобы құрылғанын алға тартты елордалық мамандар. Науқастар мен олармен байланыста болған адамдарға қосымша төсектер әзірленді. Барлық емханада қосымша сүзгі-кабинеттер ашылды. Бұған қоса, дәрі-дәрмек, қорғану және дезинфекциялау құралдары жеткілікті екені айтылды.

Әлия Рүстемова, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Басқарма қызметкерлері бір ай бойы Қытайдан келген адамдарға қоңырау шалып, жағдайларын біліп отырады. Егер жұқпалы аурудың белгілері анықталса дәрігерлер сол жерге барады. Індеттің негізгі белгілері ретінде жөтел мен дене қызуының көтерілгенін айтуға болады. Елордалық емханалар күшейтілген жұмыс режиміне ауысты және демалыссыз жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы