418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте оқушылар сабаққа медициналық маскамен барып жүр

  • 522
  • UPD: 21:53, 03.02.2020
Шымкентте оқушылар сабаққа медициналық маскамен барып жүр

Шымкентте күннің құбылмалы болуы себепті тұмау белең алып тұр.  Осыған орай  қаладағы бірнеше мектепте оқушылар жаппай бетперде киеді.

Білім ұясындағы мұндай сақтық  шарасы оқу орындары басшыларының шешімі. Қаладағы құзырлы мекемелер дәрі-дермекті алып-сату мен айналысатын компаниялармен кездесіп бетперденің бағасын біркелкі ұстауға келіскен. Қазір дәріханаларда бетперде тапшылығы жоқ. Ал эпидемиологиялық маусым басталғалы қалада жедел респираторлық вирустық инфекциямен 9559 науқас тіркелген. Оның ішінде басым бөлігі 14 жасқа дейінгі бала. 

Меруерт Жұмабекова, гимназия медбикесі:

- Маусымдық тұтауға байланысты ЖРВИ ға байланысты маска кию режимін енгіздік. Өйткені сыныптарда біраз балдар бар ауырып жатқан. Олар ауырып болған соң анықтамасымен келеді. Тұмау мен ЖРВИ дің алдын-алу үшін желдетіп қою керек оқу кабинеттерін сабақ біткен соң 10-15 минутқа. Сонда ешқандай микроб вирустар қалмайды.

Ғалымжан Әбішев, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысының орынбасары:

- Оқу орындары мектептер және балабақшалар бұл ұйымдасқан ұжым болғандықтан әр мекеменің басшысы өзі ары қарай шешім қабылдайды. Мына жедел респираторлық вирустық инфекция тұмау болсын және де қазіргі эпидемиялогиялық жағдай болсын ескере келіп ары қарай оның таралмауына жол бермеуге осындай қорғаныс шараларын жүргізуіне құқылы және ол болады да.

Хабар 24 телеарнасы