427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық тасымалдаушылар автобуспен жүру құнын көтеруді талап етуде

  • 336
  • UPD: 17:17, 06.02.2020
Қостанайлық тасымалдаушылар автобуспен жүру құнын көтеруді талап етуде

Қостанайлық тасымалдаушылар автобуспен жүру құнын 140 теңгеге көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұны жанармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауымен байланыстырады. Алайда, жергілікті әкімдіктегілер бұл факторлардың бағаны шұғыл өзгертуге жеткіліксіз екенін айтады. Автобус паркі әуелі валидаторлар орнатып, электронды билеттеу жүйесін енгізу арқылы жолаушылар легінің азайғанын дәлелдеулері тиіс. Қазір қаладағы жолақы 80 теңге. Тариф 2017 жылдан бері өзгермеген. Қалай дегенмен бұл өзекті мәселе қалалық мәслихаттың отырысында қаралып, нақты шешімдер қабылданады.

Наурызбай Мусин, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Автобус паркінде 95%-і ескі автобустар. Ал 5%-ін су жаңа деп айта алмаймын. Жаңа болғанда бұған дейін жүрген автобустар. Сондықтан оларды жаңарту үшін олар сол 140 теңге деп талап етіп отыр. Қазір 140 теңге болса, онда біз паркімізді алдағы 10 жыл ішінде жаңарта аламыз деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы