478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қордайда құрылған ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтеді

  • 1167
  • UPD: 21:29, 10.02.2020
Қордайда құрылған ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтеді

Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылды. Кеңес мүшелері аймақтағы тәртіпті қадағалап, дауды шешуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ең алдымен жастар тәрбиесімен айналысады. Басты міндет – кикілжің-келеңсіздікке жол бермеу. Ақсақалдардың алғашқы кеңесі ертең Сортөбе елді мекеніндегі мешітте өтпек.

Луу Исхар, Масанчи ауылының тұрғыны:

– Ақсақалдар жиналдық. Аудандық кеңестің төрағасы бастаған ел ағалары ертең сағат 12-00 де мешітте кездеседі. Барлық мәселе сол отырыста талқыланады.

Әбдібек Сейілханов, қоғам қайраткері:

– Сонымен біз бүгін жастар арасында болған түсініспеушіліктің барлығына нүктесін қойдық. Келешекте қарияларымыз бас болып осы жастарды тәрбиелеуге мықтап ат салысамыз. Біз бұл халықпен өте тату-тәтті тұруға мүмкіндігіміз жетіп жатыр біздің.

 

Хабар 24 телеарнасы