417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында боранға байланысты шұғыл штаб іске кірісті

  • 390
  • UPD: 09:57, 19.02.2020
Ақмола облысында боранға байланысты шұғыл штаб іске кірісті

Желдің ұйытқуына және қарлы боранға байланысты Ақмола облысында шұғыл штаб құрылып, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік жасап, жолдағы жағдайды жіті назарда ұстап отыр. Кеше кештен бері республикалық маңыздағы бірнеше жол учаскесі жабылды. Бірнеше бағытта, атап айтқанда Алматы - Екатеринбург, Нұр-Сұлтан - Павлодар, Щучинск-Зеренді және Көкшетау - Атбасар бағыттары бойынша жолдың көру мүмкіндігі төмен. Күн райын болжаушылар дабыл қағып, желдің ұйытқуы секундына отыз метрге жететінін ескертті. Қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін екені де айтылды. Құтқарушылар қазіргі кезде алыс сапарларға жол жүру қауіпті екенін еске салады.

Хабар 24 телеарнасы