411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Панфиловшылар» халықаралық экспедицияға дайындалуда

  • 212
  • UPD: 09:10, 01.03.2020

Ертіс өңірінің іздестіру жасақтары Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында ресейлік әріптестерімен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәуірде сарбаздар «Ржев. Калинин фронты» атты халықаралық еске алу вахтасына аттанбақ. Бұл ауқымды жобаға әлем елдерінің 500-ге жуық іздеушісі қатысып, ата-баба рухына тағзым етпек. Сонымен қатар Ржев жерінде жаңа мемориалдық кешеннің ашылуына қатысады. «Панфиловшылар» отрядының өкілдері алдағы уақытта көршілес Омбы облысына барып, белгісіз қалған жауынгерлер туралы мағлұматтар жинамақ. Тарихқа көз жүгіртсек, Омбы облысында соғыс жылдары 35 эвакуациялық госпиталь шоғырланған. Осы өңірге қан майданнан 160 мыңнан астам офицер мен сарбаз әкелінген.

Айта кетейік, «Панфиловшылар» соңғы бірнеше жылда хабар-ошарсыз кеткен 50-ге жуық батырдың жатқан жерін тауып, туыстарына тапсырған. Ал халықаралық экпедициялардан табылған жәдігерлерден тұтас бір мектеп музейі жасақталды.

Бақытжан Өтепов, «Панфиловшылар» жасағының командирі:

- Осы жылдар ішінде біз өзіміздің мұражайымызға 250-ден астам Кеңес әскерлерінің соғыс болған жерлерінен жәдігерлерін әкелдік. Мұражайымызда 14 бөлім бар. Жәдігерлер Қазақстанда құрылған 100-атқыштар дивизиясының және 316-атқыштар дивизиясы соғысқан жерлерден әкелінді. Ең маңызды мақсаттың бірі бұл ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпау.

Рафаэль Мұхамеджанов, «Панфиловшылар» іздестіру жасағының мүшесі:

- Хабарсыз кеткен жауынгерлер туралы ақпаратты мұрағаттардан іздейміз. Бұл бағытта Украина, Беларусь және Ресейдің тарихшы мамандары, іздеушілері көмек береді. Әлеуметтік желілерді «Қазақстан сарбаздарын іздеу» деген топ бар. Күнбе-күн көптеген өтініш түседі. Қолдан келгенше табуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы