427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға 1 млн бетперде мен антисептиктің тиісті мөлшері әкелінеді

  • 524
  • UPD: 19:16, 17.03.2020
Елордаға 1 млн бетперде мен антисептиктің тиісті мөлшері әкелінеді

Қауіпсіздік мақсатында енгізілген карантин комменданттық сағатты білдірмейді.

Бұл туралы арнайы брифингте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Оның айтуынша, елордада азық-түлік тауарларының 47 мың тонна қоры жасақталған. Бұл бір айға жетеді. Сонымен қатар қалаға 1 млн бетперде мен антисептиктің тиісті мөлшері әкелінеді. Қала әкімі адам көп жиналатын жерге бармауға шақырады. Дегенмен, қоғамдық орындарда тиісті зарарсыздандыру шарасы жиі өткізілетінін жеткізді.

Автобекеттердің жұмысына да шектеу енгізілмек. Бұл – қалаға кіру мен қаладан шығуға шектеу қойылады деген сөз. Сонымен қатар ол жерде коронавирусты анықтауға бағытталған мобильді бекеттер орнатылады. Тек қалаға азық-түлік жеткізетін кәсіпкерлер мен коммуналдық қызметтерге «жасыл дәліз» ашық болмақ. Коммуналдық және өзге де әлеуметтік нысандарда жедел сатылары мен кіреберістерінде тиісті дизенфекциялық жұмыс жүргізіледі. Құқық қорғау, медицина қызметкерлері мен қала тіршілігін қамтамасыз ететін жұмысшылар бұрынғы қалыпты режимде жұмыстарын жалғастыра береді. Жалпы қаладағы 12 ірі сауда орталығы қызметін тоқтатқан. Қала әкімі жұмыс берушілерді кеңсе қызметкерлерін еңбек демалысына жіберуді немесе қашықтан жұмыс істеуге жағдай жасауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы