405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы трамвайларда дезинфекция күшейтілді

  • 159
  • UPD: 11:03, 18.03.2020
Павлодардағы трамвайларда дезинфекция күшейтілді

Павлодарда трамвайларда сақтық шаралары қолға алынды. Мамандар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зарарсыздандыру жұмыстарын күшейтті.

Бүгінде трамвай басқармасы дезинфекциялық өнімдер қорын дайындап, кондукторлар мен жүргізушілерге таратуда. Сонымен қатар, мамандар бір реттік медициналық маскалар және өзге де керек-жарақтармен қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда облыс орталығындағы трамвайлар күнбе-күн 46 мыңнан астам жолаушы тасымалдайды. Бұл көлік түрі қала шетіндегі өндіріс ошақтарының мамандарын тасымалдауда аса маңызды.

Сала мамандарының айтуынша, қозғалыс кестесі бұрынғыдай өзгеріссіз жұмыс істейді. Қазіргі таңда тасымалдаушы кәсіпорында 400-ге жуық маман еңбек етеді. 

Светлана Захарова, трамвай басқармасы қозғалыс қызметінің басшысы:

- Трамвай басқармасы негізгі тасымалдаушы ретінде жұмысын қысқартпайды. Барлығымыз штатты режимде жұмыс істейміз. Жолаушылар тасымалын қысқарта алмаймыз, себебі өндіріс ошақтарының мамандары трамвайлармен қатынайды. Қазіргі уақытта күнбе күн 80-нен астам трамвай желіге шығады.

Хабар 24 телеарнасы