413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жалпы саны 15 блокпост қойылады

  • 202
  • UPD: 09:58, 01.04.2020
ШҚО-да жалпы саны 15 блокпост қойылады

Бүгін Шығыс Қазақстанда Өскемен мен Семей қалаларында қосымша шектеулер енгізуге байланысты әзірлік басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған шектеу түнгі 00.00-де күшіне енеді. Бұл туралы кеше аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеген болатын. Өлкеде жалпы саны 15 блокпост қойылады. Шектеу тәртібіне тоқталсақ, азық түлік дүкендерінен өзге, сауда орындары, сән салондарының қызметі тоқтатылады. Жасы 70-тен асқан қариялар мен 1-2 топ мүгедектеріне қажетті азық пен гигиеналық заттар аптасына бір рет үйлеріне тегін жеткізіледі. Сәуірдің алтысынан бастап Семей мен Өскемен тұрғындары жасыл және ақ түсті екі типті рұқсат қағазбен жүріп тұрады. Біріншісі қала тірлігіне қатысты қызметті қамтамасыз етушілерге және жұмыс істейтіндерге, екіншісі әр отбасына беріледі. Көлік қозғалысындағы шектеулер де көп. Тіркеу нөмірі тақпен аяқталатындар күнтізбенің тақ күні, жұппен және 0 мен аяқталатындар тек жұп күндері жүретін болады. Ал түнде тоқтайды. Қоғамдық көлік қысқартылады. Кәсіпорындар өз жұмысшыларын бекітілген кестемен тасымалдауға көшеді. Мұның барлығы да өңірде коронавирус пандемиясын өршітпеуге жасалған нақты шаралар.

Хабар 24 телеарнасы