423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысы бүгіннен бастап карантинге жабылды

  • 346
  • UPD: 07:54, 13.04.2020
Павлодар облысы бүгіннен бастап карантинге жабылды

Ертіс өңірінде бүгіннен бастап карантин жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қаулы етті. Құжатта көрсетілген негізгі талаптарға орай, ерекше жағдайда жұмыс істейтін азаматтарды қоспағанда, өзгелерге қала-аудандардың аумағына кіріп-шығуға тыйым салынды. Облыстағы елді мекендердегі карантиндік аумақтар бақылауға алынып, теміржол және автовокзалдардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар білім беру мекемелері мен екінші деңгейлі банктер жұмыс істемейді. Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмек саудаланатын нысандардың жұмыс режимі таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін шектелді. Сондай-ақ азаматтар тұрғылықты жерден тыс аумақта жүргенде маска киюі керек. Әзірге карантин мерзімінің қашанға дейін ұзартылатыны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы