428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы барлық аудан-қалаларға 59 тосқауыл бекеті қойылды

  • 293
  • UPD: 12:25, 15.04.2020

Бүгіннен бастап шығыстағы барлық аудан-қалалардың кіріп-шығатын жолдарына тосқауыл бекеттері қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің таралмауы үшін елді мекендерге қосымша енгізілген ережелердің ерекшелгін осы өңірдегі арна тілшісі Олжас Керейхан тікелей эфирде жеткізу үшін байланысқа шықты.

Диктор:

- Олжас, бұған дейін Өскемен мен Семей тұрғындары арнайы құжатпен жүріп тұрғанын білміз. Енді дәл осындай ереже басқа қала, аудандарда да енгізіле ме?

Олжас Керейхан, тілші:

Иә сәуірдің үшінен бері Семей мен Өскемен қаласындағы кірер-шығар жолдарына тосқауыл бекеттері қойылды. Ол жерде полиция мен әскери қызметкерлер ереженің сақталуын қадағаласа, медицина мамандары ары-бері өтетін адамдардың дене темпратурасын өлшейді. Қазір Семей мен Өскеменде арнайы рұқсатнамамен ғана кіріп-шығып, қатаң ережеге сәйкей жүріп-тұрып жатқанын бұған дейінгі эфир мен материалдарымызда дүркін-дүркін көрсеттік. Енді дәл осындай ереже бүгіннен бастап облыстағы 15 аудан мен 4 қалаға да енгізілді. Яғни, елді мекен тұрғындарына да түнгі уақытта жүруге шектеу қойылды. Аудан-ауылдарға қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру кестесіне де өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал ірі өндіріс-кәсіпорындар бар елді мекендердегі жұмысшылар арнайы автобустармен тасымалданатын болады. Жалпы аймақта қауіпті індеттің таралмауы үшін бұған дейін және бұдан кейін атқарылатын шаралар туралы біз ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабаттан білетін боламыз.

Әлішер Мархабат, облыс әкімінің орынбасары:

- Жалпы аймақта қазір 59 тосқауыл бекеті қойылды. Ол жердегі құзырлы орган қызметкерлері тәулік бойы ауысым бойынша жұмыс істейтін болады.

Диктор:

- Бұған дейін Өскемен мен Семей тұрғындары арнайы рұқсатнамамен жүріп тұрып жатыр. Енді дәл осындай ереже басқа қала аудандарда да енгізіле ме?

Олжас Керейхан, тілші:

Иә, солай деуге болады. Риддер мен Курчатовтың тұрғындары жұмысқа бару-келу уақытында, яғни, таңертең-кешке еш шектеу болмайды. Ал басқа уақытта арнайы рұқсатнама бойынша жүретін болады. Көліктер де солай. Сонымен қатар 20 сәуірден бастап Курчатов пен Риддер тұрғындарының жаппай дене қызуы өлшенетін болады. Ол үшін өңірге 1570 электронды термометр әкелінді. Ал бұл жұмысты полиция, қорғаныс саласының қызметкерлері атқарады.

Хабар 24 телеарнасы