420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкент тұрғындарына бір млн бетперде таратылады

  • 402
  • UPD: 15:23, 18.04.2020

Шымкентте бір миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына жататын отбасыларына тегін таратылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының гуманитарлық автокеруені Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елді мекеніне ат басын тіреді. Мұнда бетперде жалғызбасты қарттарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ардагерлер мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға табысталды. Партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері мен еріктілер елді мекендегі 200-ден астам отбасына 50 данадан медициналық бетперде үлестірді.

Айта кетейік, алдағы бес күн ішінде барлық бетпердені 20 мың жанұяға бөліп беру жоспарланып отыр. Осыған дейін шаһарда «Biz Birgemiz» республикалық акциясы аясында жәрдемге аса мұқтаж жандарға санитарлық қорғану жиынтықтары мен азық-түлік берілген еді. Одан бөлек, 21 мыңнан астам жанұяға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды алу үшін 50 мың теңгеден үлестірілді.

Ғалымжан Мақұлбеков, қала тұрғыны:

- «Nur Otan» партиясына алғыс айтамыз. Бір қорап маска берді. Алғыс айтамыз барлығына. Коронавирус өзімен кетсін енді.

Бахадыр Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Қайнарбұлақ елді мекенін таңдағанымыз – қаладан сырт жерде орналасқан. Бұл бұрынғы саяжайдың елді мекені болғаннан кейін бұл жерде әлеуметтік жағдайы төмен халық, яғни, тұрғындар өте көп. Бұл жерде дәріхана жүйелері әлсіз. Екі ғана дәріхана жұмыс жасайды. Сондықтан да маска алуға қиналатын жағдайы жетпейтін азаматтардың отбасыларына таратып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы