423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 9299 жұмыс орны ашылады

  • 471
  • UPD: 09:06, 20.04.2020

Қызылорда облысында 9299 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 276 жоба іске асырылмақ. Төтенше жағдайға байланысты екі қолға бір күрек таппай қалған азаматтар негізінен әлеуметтік нысандар құрылысы, жол салу, жарықтандыру, абаттандыру сияқты жұмыстарға тартылады. Инфрақұрылымдық жобалар тиісті талдаудан өтіп, салалық министрліктермен мақұлданып, қаржысы нақтыланған. Карантиннен кейін жұмысты жедел бастау үшін мемлекеттік сатып алу конкурстары жеңілдетілген тәртіппен өткізіледі. Жол картасы шеңберінде тағы тұрақты 452 жұмыс орны ашылуы тиіс. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 36 миллиард 957 миллион теңге жұмсалады. Бұл қаражат биыл толық жаратылуы қажет. Жұмыспен қамту шараларының нақты әрі белгіленген мерзімде орындалуын «Антикор» орталығының мамандары ұдайы бақылауда ұстайтын болады.

Гауһар Қалмақова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

– Бұл жерде 9 млрд теңге нысаналы трансфертпен келеді. 26 млрд теңге облигация түрінде. Жұмыспен қамту жол картасының шарты жаңадан ашылатын жұмыс орындарына 50% кем емес жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген жұмыссыздар, ТЖ байланысты жұмыстан қысқартылған азаматтар жіберілуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы