418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық көлік жүргізушілері екі апта сайын ПТР-тестіден өтеді

  • 229
  • UPD: 18:08, 12.05.2020
Қоғамдық көлік жүргізушілері екі апта сайын ПТР-тестіден өтеді

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің ПТР-тестіден өткені туралы анықтамасы болуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар оны әр екі апта сайын тапсырып тұрмақ. Автобус жүргізушілері міндетті түрде бетперде мен резеңке қолғап киюі керек. Іште жолаушының көп болмағаны жөн. Бағытқа шығарда және жұмыстың соңында автобус салондары жуылып, зарарсыздандыру шаралары жасалады. Еске сала кетейік, бүгіннен бастап елордада қоғамдық көліктердің жұмысы қайта жанданды. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының айтуынша, автобустарда санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап отыратын жауапты қызметкер тағайындалады. Ол жүргізушілер мен жолаушылардың осы аталған қарапайым ережелерді орындауын өз бақылауына алады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы