418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңыр іргесіндегі ескі электр станциялары жаңғыртылуда

  • 245
  • UPD: 13:33, 21.05.2020
Байқоңыр іргесіндегі ескі электр станциялары жаңғыртылуда

Байқоңыр іргесіндегі Төретам кентінде қосалқы электр станциясын кеңейту және жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Станция жарты ғасырдан бері жөнделмеген. Сондықтан елді мекенде жарықты іркіліссіз беру мәселесі өзекті еді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бұл құрылысқа 340 адамды тарту көзделген. Қармақшы аудандық электр тарату тораптары мекемесінің станциясы да қайта жөнделіп жатыр. Нысандағы құрылғылар әбден ескірген. Жауын жауса, станция істен шығып қалатын. Мамандар «осы олқылықтың орнын биыл толтырамыз», дейді.

Медет Ұсайын, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда 1 млрд 600 млн теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба аясында аталған қосалқы станция қайта жаңғыртылудан өтетін болады. Нәтижесінде аудан халқы тұрақты түрде, сапалы электр энергиямен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы құрылыс жұмыстарын біз қыркүйек айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы