432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баянауыл тұрғыны: Мақсатым – текті итті келешек ұрпаққа жеткізу

  • 447
  • UPD: 23:46, 31.05.2020

Құмай тазы қайда бар?

Бөрібасардың тұрқы қандай? Ат жүгіртіп, ит ерткен, сөйтіп, саятшылықты серік еткен баянауылдық Мақсұтбек Көпжасаров қазақтың таза қанды тазыларын сақтап қалудың қамында жүр. «Мақсатым – текті итті пұлдап, пайда табу емес, келешек ұрпаққа жеткізу», дейді ол.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Мақсұтбек Көпжасаровтың босағасынан құмай тазы арылмаған. Ол ес білгелі ит асырап келеді. Жеті қазынаның біріне жататын қазақы тазыларды түр-сипатына қарап ажыратады.

Мақсұтбек Көпжасаров, Баянауыл ауданының тұрғыны:

- Тазының бірінші мынау құйрығы оралып тұруы керек шығыршық атып. Мына тілерсектерінен жүйріктігін байқайды. Мына шашақ құлақ дейді, жарғақ құлақ дейді. Солай бөлінеді ғой бұлар. Мыналар шашақ құлаққа жатады. Енді жарғақ құлақтарыңызда мынандай шашақ болмайды.

Тазының мықтылығы тісіне де байланысты. Баянауыл тазылары ірі, жілікті, кеуделері кең келеді. Бұл таулы өлкенің табиғатына қарай бейімделетін ерекшеліктер болса керек.

Мақсұтбек Көпжасаров, Баянауыл ауданының тұрғыны:

- Оңтүстіктің тазылары енді кішкене ши тазы дейді ғой. Олардың қасқырға күші келе қоймайды. Түлкі, қоян алады. Ал біздің Баянауылдың тазылары түлкі, қоян, қасқырдың бәріне, борсық бәрін ала береді. Айырмашылығы сонда деп ойлаймын.

Мақсұтбек Көпжасаровтың қолында қазір төрт тазы бар. Күшіктерін еліміздің әр өңірінен келіп алады. Тіпті қасқырға түскен сәттерін таспаға түсіріп жіберетіндер аз емес.

Саятшылық атадан балаға даритын өнер. Он үш жасар Әділет те тазы асыраудың қыр-сырын жастайынан меңгеріп өсіп келеді.

Әділет Өмірбек, М.Көпжаровтың ұлы:

- Менің екі итім бар. Құйын және Тұйғын. Ол екі ит өте ерке болып келеді. Ол иттердің жүрегі өте мықты. Мынау менің тұйғын деген итім. Әлі 7 ай, ауызданбаған. Бірақ болашақта үлкен үміт күтем.

Бүгінгі күні тазыға талас көп. «Текті иттің тұқымын көбейтіп, таза қандылығын сақтап қалмасақ, ертең кеш болады» дейді Мақсұтбек аға. Қансонарда асыранды қасқырға салған жүз иттің ішінен оның тазылары суырылып алға шыққан.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы