421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда санитарлық талаптарды орындамаған 80 нысан жабылды

  • 269
  • UPD: 22:24, 09.06.2020
Алматыда санитарлық талаптарды орындамаған 80 нысан жабылды

Алматыда карантин талаптарын ескермей, санитарлық тазалыққа салғырт қараған 80-ге жуық сауда-саттық орны мен дәмхана жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әлі де жабылуы ықтимал кәсіпкерлік нысандар бар», - дейді бақылаушы топ өкілдері. Бүгін олар Алмалы ауданында орналасқан бірқатар сауда-саттық орындарын аралады. Мысалы, құрылыс дүкеніне келушілердің дене қызуы тексеріледі. Бірақ сатушылар бетпердесін жиі ауыстырмайды, ал қолғапты тіптем кимейді. Азық-түлік сатылатын кешендерде де кемшілік жетіп артылады. Арақашықтық сақталмайды. Бірқатарының тепловизорлары істен шыққан. Рейд барысында 136 нысанның тазалық ережесін сақтамайтыны анықталып, 77-сіне айппұл салынды.

Әсия Жұбаниязова, Алмалы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың жетекші маманы:

- Қазір бұларға іс шараларды, талаптарды орындау жөнінде қаулы береміз. Кейін бұл талаптар орындалмаған жағдайда бұл дүкендерге кемшіліктерді орындағанға дейін уақытша жабылуға ұсыныс беріледі.

Хабар 24 телеарнасы