423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин күшейтіледі. Атыраудан тікелей эфир

  • 494
  • UPD: 22:34, 17.06.2020

Атырау облысында карантин режимі күшейтіледі. Шектеу шаралары бүгін түнгі 11-ден бастап күшіне енеді. Мұнайлы шаһардағы карантин режимін қатаңдатуға не себеп?

Асланбек Шығыров, тілші: 

- Иә, бүгін облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды.  Ол бүгіннен  бастап күшіне енеді. Жалпы бұған дейін де облыста сақтық шаралары сақталып келген еді. Ал ертеңнен бастап, қоғамдық көліктер мен басқа да автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Яғни оларға қала көшелерінде жүруге таңғы 6-дан кешкі 11-ге дейін ғана рұқсат беріледі. Адам көп шоғырланатын басқа да нысандардағы сақтық шаралары күшейтіледі. Маска тағу, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтап жүру қатаң бақылауға алынады. 

Айта кетейік, қаладағы балабақшалардың біріндегі 3 қызметкерден жұқпалы  ауру белгілері анықталған еді. Ал енді қаулыға сәйкес, барлық бөбекжайлар жабылады. Сонымен қатар қаладағы мекеме-кәсіпорындарда коронавирусқа қарсы жаппай скринингтік тексерулер басталды. Сондай-ақ ондағы қызметкерлердің 80 пайызын қашықтан жұмыс істеуге жіберу ұсынылып отыр. Өткен тәуліктің өзінде Атырауда 17 адамнан ауру белгісі анықталыпты. Індет келгелі бері 1341 науқас тіркелді. Оның 994-і жазылып шыққан. Демек, осындай кешенді сақтық шаралары қауіптің бетін қайтаруға сеп болмақ.

Хабар 24 телеарнасы