427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдық IT мамандар М.Мәметова қатысқан шайқас туралы диорамаға жан бітірді

  • 626
  • UPD: 11:10, 23.06.2020
Оралдық IT мамандар М.Мәметова қатысқан шайқас туралы диорамаға жан бітірді

Оралдық IT мамандар Мәншүк Мәметованың қатысуымен болған сұрапыл шайқастың соңғы сәтін бейнелейтін диорамаға жан бітірді.

Бұл технологиялық жобасы дәл соғыс басталған маусымның 22 =сі күні аңызға айналған пулеметшінің мемориалдық мұражайында көрермен назарына ұсынылды.

Небары 21 жаста болған Мәншүк Мәметова 43-ші жылдың қазан айында Невель қаласын жаудан азат ету кезінде ерлікпен қаза тапқаны мәлім. Өзі де ауыр жараланған ол жаудың 70 солдатын жер жастандырып, ерліктің өшпес үлгісін көрсетті.

Сұрапыл майдан сәті компьютерлік кескін мен дыбыстық эффектілер көмегімен өте шынайы шыққан.

Мержан Мұхамбетов, IT компанияның техникалық директоры:

- Бірнеше бағдарламаны пайдаландық. Яғни, 3D моделдеу мен анимация және бірнеше проектормен жүмыс істеу дегендей. Атыс пен жарылыстарды, жүріп келе жатқан танк пен адамдардың кескіні 3Д графиканың жемісі. Бұл технологияның басты жетістігі сонда - өзге проекторларды іске қосатын бөлек басқару тетігімен қамтылған.

Хабар 24 телеарнасы