423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Тәжікстанға жасанды тыныс алу аппараттарын жіберуі мүмкін

  • 279
  • UPD: 12:16, 15.07.2020
Қазақстан Тәжікстанға жасанды тыныс алу аппараттарын жіберуі мүмкін

Қазақстан жыл соңына дейін Тәжікстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ОКҚ брифингінде айтты.

«Қазіргі уақытта барлық ел бір-біріне көмектесіп жатыр. Біздің мемлекетіміз де гуманитарлық көмек көрсетуде. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл соңына дейін Тәжікстанға портативті өкпені жасанды желдету аппараттарын гуманитарлық көмек түрінде жеткізу мәселесін қарастыруда», - деп түсіндірді Бюрабекова.

Ол бұл өкпені жасанды желдету аппараттары портативті екенін және ол стационарда емес, жедел жәрдем бригадасында науқастарды тасымалдағанда пайдаланылатынын айтып өтті.

Оларды Ақмола облысындағы отандық өндірушілер құрастырады.

«Қазіргі уақытта бұл өндіріс орны қуаттылығын арттырды. Портативті қондырғылардан бөлек олар бізге қажет стационарлық өкпені жасанды желдету құрылғыларын шығаруды жоспарлап отыр. Жылдың соңына дейін өндіріс орны портативті және стационарлық өкпені жасанды желдету аппараттарына деген барлық қажеттілікті жабады», - деді вице-министр.

Хабар 24 телеарнасы