426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында КВИ сынамасын өңдейтін жаңа зертхана ашылды

  • 215
  • UPD: 18:02, 23.07.2020
Қостанай облысында КВИ сынамасын өңдейтін жаңа зертхана ашылды

Қостанай облысында кәсіпкерлердің демеуімен коронавирус инфекциясына диагностика жасайтын жаңа зертхана ашылды, хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін COVID-19 сараптамасы төрт лабораторияда жасалып келген. Енді тәулігіне 2 мыңдай талдау жүргізуге мүмкіндік бар. Кезінде бір сынаманы тексеруге 1,5-3 сағатқа дейін уақыт шығындалса, бұдан былай 30 минут жеткілікті болады.

«Жаңа зертхана ашылғаннан кейін мамандарға жүктеме де азаяды. Зерттеу жұмыстары мен олардың сапасы өседі», - дейді мамандар.

Бауыржан Көпжасаров, «Ұлттық сараптама орталығы» рмк филиалының басшысы:

- Автоматтандырылған станцияның жұмысы жедел жүруі үшін 14 млн-ға тағы қосалқы реагенттер сатып алынды. Бұл заманауи зертханалық құрал-жабдықтардың арқасында COVID-19 зертханалық зерттеу жұмысының екінші кезеңінде вирустық РНК-ны анықтау жұмысы бірнеше сағатқа қысқартылады. Бұл деген уақытты үнемдейді.

Хабар 24 телеарнасы