423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жыл басынан бері 2475 көлік экспортталды

  • 235
  • UPD: 11:28, 27.07.2020
Қазақстанда жыл басынан бері 2475 көлік экспортталды

Биыл 6 ай ішінде Қазақстанда көлік құралдарының барлық түрінің 32 701 бірлігі өндірілді.

Бұл 2019 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 58,6% артық, ол кезде 20 608 көлік шығарылған, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы сарапшыларының мәліметінше, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 19 млрд теңгеге 2475 жеңіл және коммерциялық автокөлік экспортталды. Ал 2019 жылдың ұқсас кезеңінде барлығы 2,2 млрд теңге сомасына 607 автомобиль экспортқа жіберілді.

2020 жылы мына елдерге автокөлік экспортталды:

Өзбекстан Республикасына 16,0 млрд теңге сомасына 1804 автокөлік (2019 жылы экспортталмаған);

Ресей Федерациясына 2,7 млрд теңге сомасына 618 автокөлік (2019 жылы 2,17 млрд теңгеге 598 көлік);

Қырғыз Республикасына 163 млн теңге сомасына 48 автокөлік (2019 жылы 5,5 млн теңгеге 1 автокөлік);

Беларусь Республикасына 32 млн теңге сомасына 5 автокөлік (2019 жылы 72 млн теңгеге 8 автокөлік) экспортталды.

Хабар 24 телеарнасы