417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль елшілігі қазақстандық дәрігерлерге 350 қорғаныш костюмін тапсырды

  • 272
  • UPD: 21:55, 27.07.2020

Гуманитарлық көмекті халықаралық қатынастарды дамыту жөніндегі агенттік ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Костюм қауіпті аймақта жүрген дәрігерлерге таратылады. Бұдан бөлек, Израиль мамандары қазақстандық әріптестеріне консультативтік кеңес беруде. Бірнеше рет бейнеконференция ұйымдастырып, өз тәжірбиелерімен бөлісті. Ол онлайн конференцияларға тек елордалықтар ғана емес, өзге өңірлерден де дәрігерлер қатысты. Жалпы, екі ел арасында медициналық туризм дамып, өзара әріптестік орнаған. Айта кетейік, 3 апта бұрын осы Израильдегі жерлестеріміз арнайы рейспен елге жеткізілген болатын.

Лиат Вексельман, Израилдің Қазақстандағы елшісі:

– Достық деген қиын-қыстау кезеңде сыналады. Сондықтан коронавируспен күрес шараларына атсалысып жатырмыз. Және ол бірнеше кезеңмен іске асады. Біріншіден, гуманитарлық көмек көрсеттік. Жеке қорғаныш костюмдерін денсаулық сақтау министрлігіне тапсырдық. Екіншісі, үкіметаралық байланыс. Яғни жоғары білікті, тәжірибесі мол мамандар ақыл-кеңесін айтып жатыр. Үшіншіден, халықаралық бірлестіктермен әріптестік орнатып, індетпен күрес жұмыстарында күш біріктірмекпіз.

Хабар 24 телеарнасы