423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы ауруханаларға 163 оттегі концентраторы тарту етіледі

  • 223
  • UPD: 12:42, 30.07.2020
Ақмола облысындағы ауруханаларға 163 оттегі концентраторы тарту етіледі

Ақмолалықтар аймақтағы ауруханаларға 163 дана оттегі концентраторын тарту етеді. Қайырымды іске облыстық «Науан Хазірет» мешіті мұрындық болған.

Имамдардың айтуынша, «Өмірге үміт сыйла» атты акциясына кәсіпкерлерден бастап, қарапайым халыққа дейін атсалысқан. Небәрі екі аптаның ішінде 20 млн теңгеге жуық қаражат жиналған. Көмектің алғашқы легі Көкшетау және Степногор қалаларымен қатар тағы бірнеше аудандық ауруханаларға үлестірілді. Қазір өңірде мұндай құрылғыларды сатып алуға тағы да қаржы жиналып жатыр.

Жамбыл Қабдрашитов, облыстық аурухана инфекция бөлімінің меңгерушісі:

- Бүгінгі күні осындай керемет жаңалық. Ақмола облыстық ауруханасында орналасқан инфекциялық стационарға 5 дана оттегі концентраторы келіп тұр. Үлкен рахмет! Барлық жамағатқа, мешітке осындай бізге көмек беріп жатқандарыңызға. Оттегі қазір біз үшін науқастарға өте қажет білесіздер. Қазір біздің стационарда 110 пацинет ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы