428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2,1 млн-ға жуық қазақстандық 42 500 теңге алды

  • 173
  • UPD: 11:34, 31.07.2020
2,1 млн-ға жуық қазақстандық 42 500 теңге алды Central Asia Monitor

31 шілде сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды.

Төлем 2 млн 114 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 98 мың қазақстандыққа аударылды.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,3 млн-нан астам өтінімнің ішінде:

– 833,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 591,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 326,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 607 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 833,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 194,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 329,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 114 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 98 мың қазақстандыққа аударылды.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

Хабар 24 телеарнасы