420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйелін балтамен ұрған ер адам 11 жылға сотталды

  • 196
  • UPD: 12:20, 21.08.2020
Әйелін балтамен ұрған ер адам 11 жылға сотталды

Түркістан облысында әйелін балтамен ұрған ер адам 11 жылға сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Еске сала кетейік, Келес аудандық полиция бөлімінің кезекшілік нөміріне 27 сәуірде учаскелік полиция инспекторынан хабарлама келіп түседі. Онда таңғы сағат 9:40-та аудан көшелерінің бірінде белгісіз әйелдің жарақаттанып жатқаны айтылған. Хабарлама түссімен келестік сақшылардан жедел тергеу тобы құрылып, олар оқиға орнына аттанған. Ол жерден айғақты зат ретінде балта тәркіленді.

Ауыр жарақат алған әйел денсаулығына байланысты шағымдана алмағаннан соң жәбірленушінің әпкесі полиция бөліміне келіп арызданған. Арызды полицейлер ҚР ҚК-нің 24-99-бабы (Адам өлтiруге оқталу) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, тергеу жүргізілді.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде зардап шеккен әйелдің күйеуі 2-3 сағат ішінде аудан көшелерінің бірінен ұсталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті мен әйелінің арасында отбасылық жанжал болған. Оған дейін де бірнеше кикілжің шыққан. Ал дәл осы жайт кезінде күйеуі әйелді ұрып соғып, артынан балтасын алып жүгірген. Зәресі ұшқан әйел қорыққанынан қаша жөнеледі, алайда күйеуі артынан жетіп, қолындағы балтасымен өз әйелін аяусыз ұрып соққан. Бүгінгі таңда зардап шеккен әйел емханаға қаралып, тиісті отасы жасалды. Алайда бетіне тиген балтаның салдарынан бір көзі қатты зақымданып, бір жағынан бас жарақатын да алған», - делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, қазіргі уақытта әйелдің жағдайы бір қалыпты, тағы да ота жасатуға дайындалуда. Осылайша, Түркістан облысы Полиция департаменті Келес аудандық полиция бөлімінің тергеушілері күйеуінің соққысынан ауыр жарақаттанған әйелдің ісін тергеп-тексеріп, тиісті дәлелдемелерді жинақтап, істі сотқа жолдады. Өз кезегінде Түркістан облыстық сотының шешімімен күдікті 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы