420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19 бен пневмония жұқтырған 720-дан астам медицина қызметкері төлем алды

  • 149
  • UPD: 14:16, 21.08.2020
COVID-19 бен пневмония жұқтырған 720-дан астам медицина қызметкері төлем алды

COVID-19-бен күресуге тартылған 729 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.

Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды, деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

21 тамыз сағат 9:00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 729 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің жақындарының өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Алматы (77), Ақмола (75) облыстарынан, Алматы (74) және Нұр-Сұлтан (67) қалаларынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысынан (66) жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына 22 шілдеде енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына 10 млн теңге көлемінде төленеді.

Хабар 24 телеарнасы