426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі ауыл-аймақ коронавирустың екінші толқынына дайын емес

  • 208
  • UPD: 15:30, 21.08.2020
Еліміздегі ауыл-аймақ коронавирустың екінші толқынына дайын емес

Еліміздегі ауыл-аймақ коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайын емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері куә болды. 200 ауылдық елді мекеннің жайын бақылаған олар жаға ұстатарлық жағдайға тап болған. Мысалы, көптеген аурухана мен фельдшерлік бөлімшелер жабылған. Ал барының күйі күйіндіреді. Тіпті, бірнеше ауылға бір ғана фельдшерлік бөлімше қызмет көрсетіп тұрған өңірлер бар. Дәріхана тапшылығы да өзекті. Салдарын қарапайым халық көріп отыр. Депутаттар Үкіметке ұсыныс дайындап, бос тұрған ғимараттарды қайта жасақтап, сапалы медициналық құрылғылармен жабдықтауды сұрайды. Шығыс Қазақстанда оңтайлы жүзеге асырылған «Жылжымалы әлеуметтік дәріхана» жобасын ел аумағында қолға алу қажеттігін айтты. Әсіресе, ауыл халқының дер кезінде ПТР-сынама тапсыруына жағдай жасау аса маңызды.

Қуаныш Сейітжанов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ОА жетекшісі:

- Ауылдарда ПЦР-тест алудағы жалпы ареалын кеңейту керек. Ауыл халқы өзін өзі емдеді. Оны да жасырмай айтуымыз керек. Ешкімнің медициналық қызметке жүгінетіндей жағдайы болған жоқ. 300-400 шақырым жатқан ауыл тұрғындарының аудан орталығына баруға жағдайы да келген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы