421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рульдері ауыстырылған шетелдік көліктер тексеріледі

  • 235
  • UPD: 15:42, 21.08.2020
Рульдері ауыстырылған шетелдік көліктер тексеріледі

Рульдері ауыстырылған шетелдік көліктердің қауіпсіздігі тексерілуі тиіс.

Бұл туралы бүгін Көліктік реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді. Оның айтуынша, заңнамаға бірер күн бұрын осындай өзгеріс енгізілді. Мұндай тексеріс арнайы зертханада жүргізіледі. Елімізде тек 2 осындай лаборатория бар. Олар Алматы мен Қостанай қалаларында орналасқан. Зерттеу құны шамамен 15 мың теңгені құрайды.

«Мәселені шешудің тағы бір жолы бар», деді Серік Құсайынов. Ол үшін бұл көліктерді Кедендік одақтың автөкөліктер қауіпсіздігі техникалық регламенті талаптарына сай екендігін тексеруге болады. Аталмыш темір тұлпарлардың қай экологиялық санатқа жататындығы да анықталуы тиіс. Техника міндетті түрде жедел қызметтерді шақыруға қажетті құралдармен жабдықталуы керек.

Айта кетейік, Қазақстанға Армениядан әкелінген 14 мың көлік тіркеуден өтуі керек еді. Осы уақытқа дейін техника иелерінің басым бөлігі үлгерді. Алдағы 10 күнде қалғандары да бұл құжатқа қол жеткізуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы