426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Челах пен Күлекбаев отырған «Қара бүркіт» колониясының басшысы ұсталды

  • 283
  • UPD: 13:33, 28.08.2020
Челах пен Күлекбаев отырған «Қара бүркіт» колониясының басшысы ұсталды EADaily

Ел арасында «Қара бүркіт» аталып кеткен Жітіқара түрмесінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол сотталушыдан 700 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл ақпаратты Қостанай облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растады. Қазір таңда түзету мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол бұл қызметке өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалған болатын.

Абылай Ибрагимов, облыстық полиция департаменті басқармасы басшысының орынбасары:

– 700 мың теңгені сотталған тұлға қамқорлық көрсеткені үшін талап еткен. Қазіргі таңда күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізде болса, «Қара бүркітте» 2012 жылдың желтоқсанында өмір бойына сотталған қарағандылық бұрынғы шекарашы Владислав Челах жазасын өтеп жатыр. Одан бөлек бұл колонияда 2016 жылдың 18 шілдесінде Алматыдағы Алмалы АІІБ, ҰҚКД және Салық департаментінің ғимаратына қарулы шабуыл жасаған алматылық мерген Руслан Қүлекбаев отыр. 

Хабар 24 телеарнасы